ШҚО-да 7 мәслихат депутаты сайланды

/uploads/thumbnail/20170709235621628_small.JPG

Шығыс Қазақстан облысының 6 ауданның мәслихаттарына 7 жаңа депутат сайланды. Сайлау науқанына тұрғындар да белсенді қатысып, жалпы көрсеткіш 93,6% құраған.  

         Айта кетсек, аймақтың бірқатар аудандарында аудандық мәслихаттың құрамынан шығып қалған депутаттардың орнына 21 азамат үміткерлігін ұсынған.

         – 26 наурыз күні өткен сайлау науқаны барысында ешқандай заңбұзушылық әрекеттер байқалмады. Бұл күні сайлау бөлімдерінде тәртіпті қадағалап, көмек білдіргені үшін ІІД басшылығна алғысымды білдіргім келеді, – деді ШҚО Сайлау комиссиясы басшысының орынбасары Александр Рукин.  

Аталмыш сайлау науқанына тұрғындар да белсенді қатысқан. Соның ішінде Жарма, Көкпекті аудандарының 100% тұрғындары толықтай қатысып, азаматтық белсенділіктерін танытқан.

 

Қатысты Мақалалар