ҚР өнеркәсібінің технологиялық қайта қаруландыру жұмыстарын жандандыру тапсырылды

/uploads/thumbnail/20170709235837911_small.jpg

Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының 2016 жылғы қорытындысы туралы есептерді тыңдап, өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта қаруландыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді деп хабарлайды qamshy.kz

Премьер-Министр Мемлект басшысы өз Жолдауында индустрияландыру мәселелерінің маңызды рөлі көрсетілген, Қазақстанның үшінші жаңғыруын іске асыруға байланысты тапсырма жүктегенін атап өтті.

 

«Бізге Индустрия 4.0 элементтерін енгізумен қатар, өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық  қайта қаруландыру бойынша ауқымды әрі көп еңбекті талап ететін жұмыс жасау қажет», - деді Б. Сағынтаев.

 

Сонымен қатар, Премьер-Министр еңбек өнімділігін одан әрі арттыру мәселелеріне баса назар аударудың және қазірдің өзінде салалық министрліктер мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп кәсіпорындармен бірге нүктелік жұмыстарға кірісу қажеттігін айтты.

 

Қатысты Мақалалар