Азамат Кеңесұлы: «Қазақ хандығы» фильмінде Кәмшаттың орнына ойнайтын басқа кәсіби актриса табылмады ма?!

/uploads/thumbnail/20170709235941147_small.png

Елімізге белгілі тілші Азамат Кеңесұлы «Қазақ хандығы» фильмінде ШахБудахтың жесірі Аққозыны сомдаған жалпы жұртқа танымал әнші Кәмшат Жолдыбаеваға қатысты сыни пікір айтып, өз ойымен Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында білдірді. 

«Көшпенділер» фильмінің бюджеті біраз қазынамызды опырып кетіп еді. Сол кезде опынып ек. Бүгін "Қазақ хандығын" көріп, аздап күпті көңіл орнына түскендей болды. Сол кезде салынған "макет қалашық" көп фильмге көмек болды. Біраз қаржы үнемделді. Бірақ, бірағы бар. Шоу бизнестің шаңырағында жүргендердің тарихи фильмдерде ойнағанын тегі бір қабылдай алмай-ақ қойдым. Кәмшат Жолдыбаевадан басқа актриса табылмады ма? 18 театрдан Кәмшаттың орнына ойнайтын бір кәсіби актриса табылмады ма екен? Жалпы фильмнің жарыққа шығуы үлкен табыс. Бірақ, ақыры қыруар ақша жұмсалғасын, кіл мықты киногерлер жүргесін мінсіз фильм шығуы тиіс еді», - деп, өз пікірімен бөлісті тілші.

Азамат Кеңесұлының бұл пікірін қолдаған оқырман көп болды. Олар да түрліше пікір қалдырып, өз ойларын жазып қалдырды:

«Осыны мен де айтайын деп едім. Киноны кәдімгідей ұйып көріп отырып, Кәмшат кимешекпен жылап жатқан жерін көргенде еріксіз күліп жіберіп, кинотеатрдағы басқа көрермендерден қысылғаным. Рас клип пен тарихи фильмде бірге түсіп жүре беруге болмайды ғой. Экран бетінен түспейтін кейбір өзге актерлер мен әнші-жүргізушілерге де ескеретін дүние негізі. Мысалы Ләйла Сұлтанқызы деген кісіден көз шаршады»

«Қазақтың тұрмысы мен психологиясын қазақтан артық ешкім түсінбейді. Өзге ұлттарды тықпалай бергенше, өзіміз сол деңгейге көтерілуіміз қажет».

Қатысты Мақалалар