Қазақстан азаматының ашық хатына Бас прокуратура жауап берді

/uploads/thumbnail/20170709235933225_small.jpg

"Қамшы" порталында ақпанның екісінде Бейбітбек Бүркітбайұлының "Асановқа ашық хат! Қашанғы «бетпақ жеңді, бейбақ көнді» деп жүре береміз?" атты мақаласы жариянған еді. 
Бас прокуратура мен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) сот актісін орындамағаны және Ж. Бейбітбекке мүгедектік белгілеуден бас тарту жөніндегі қорытындысымен келіспеу туралы ашық хатын Бас прокуратура қараған.  Qamshy.kz поштасына ҚР Бас прокуратурасынан осы ашық хатқа байланысты ресми жауап келіп түсті. 

"2017 жылғы 24 ақпанда Департаменттің іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы арызыңыз Қызылорда қалалық сотының өндірісіне қабылданғаны анықталды. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 1-бабына сәйкес сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Осыған байланысты Департаменттің іс-әрекетіне қатысты құқықтық баға сотпен беріледі" деді ҚР Бас прокуратураның өкілі.

Қатысты Мақалалар