Студенттік ортада жастар кәсіпкерлігінің эко-жүйесін құру жобасы іске асады

/uploads/thumbnail/20170709235920225_small.jpg

Еуразиялық Топ (ERG) студенттік ортада жастар кәсіпкерлігінің эко-жүйесін құру жобасын қолға алынғанын хабарлайды. Компанияның тың бастамасы Ақтөбе қаласында студенттік кәсіпкерлдікті дамытуға арналған дөңгелек үстел барысында көпшілікке таныстырылды.  

Талқылауға  ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Ақтөбе облысының әкімдігі, ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлттық палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Eurasian Resources Group, үкіметтік емес ұйымдар, аймақтағы жоғары оқу орындары мен жергілікті бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Келешек 4.0 индустриясының негізгі қатері – халықты еңбекпен қамту.  Еуразиялық Топ осы түйткілді істің түйінін тарқату үшін тың шешім – шағын қалалардағы белсенді әрі  іскер жастарды дамытуды ұсынып отыр. Осы орайда, бизнесті жүргізудің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаларына сүйенетін ERG компаниялары өздері орналасқан өңірлердегі жоғарғы оқу орындарының кәсіпкерлік бағытқа икемделіп, трансформациялануы қолғабыс етіп,  «Студенттік ортада жастар кәсіпкерлігінің эко-жүйесін құру жобасын» жүзеге асыра бастамақ.

Жаңа бағдарлама дегеніміз серіктес университеттерді қаржыландыру емес. Керісінше, ERG оқыту тренингтері мен курстарына жетекші коучтерді тартып, жұмылдыру міндетін өз мойнына алады. Белсенді студенттерге менторларды белгілеп, жаалынды жастарға өз идеяларының экономикалық тиімділігін есептеу дағдыларын үйретеді. Қажет болған жағдайда ғимараттарын технопарктер мен зертханалардың қажетіне беріп, барынша септеспек.

– Біз жастардың, соның ішінде студенттердің кәсіпкерлік бастамалары Қазақстан экономикасының негізгі инновациялық даму факторларының біріне айналарына нық сенімдіміз,– деді Еуразиялық Топ басқарма төрағасының персонал және әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Ирина Даулетбакова. – Осы орайда біз жоғарғы оқу орындары мен Топтың студенттік кәсіпкерліктің эко-жүйесін құру бағытындағы әріптестігінің тиімді тетіктерін әзірледік.  Ең бастысы бұл жерде осы әріптестікті дұрыс жанама деңгейде ұйымдастыра білу.   

ERG–дің  студенттік кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қанат қақты жобасы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті базасында сәтті сыналды. Ілкімді іске Тель-Авив Университеті (ТАУ) мен Қазақстандағы Тель-Авив Университеті достарының қауымдастығы септігін тигізді. Нәтижесінде бастаманың өміршеңдігі мен өзектігіні айқын аңғарылды.

Бағдарламаның тұсаукесерінен кейін ERG жобасына қатысатын, іріктеуден өткен жоғарғы оқу орындары-серіктестер тізімі жарияланды.

– Біз жұмыла кіріссек, студенттік кәсіпкерліктің эко-жүйесін құра алатынымызға кәміл сенімдіміз. Әрі өз кезегінде ол белсенді өмірлік ұстанымдары бар түлектерді шыңдап, олардың шынайы кәсіпкерлік ортаға кірігуіне зор ықпалын тигізеді,– деп түйіндеді И. Даулетбакова.

Қатысты Мақалалар