Индонезияның Сулавеси аралында алып питон ер адамды жұтып қойды. Бұл жайында Daily Mail басылымы хабарлайды, мәліметтің қазақша нұқсасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
25 жастағы аралдың тұрғыны Акбар Салубиро жексенбі күні көрші ауылға барамын деп із-түзсіз жоғалып кеткен. Келесі күні сол жігіттің ауылдастары оны іздеуге шығып, бір үйдің ауласында сұлап жатқан алып питонды көрген. Олар жыланның терісін кесіп көргенде, ішінен Салубироның мәйіті табылды.
Ауыл кеңесінің өкілі Салубиро Джунаиди ер адам жоғалған түні ауыл тұрғындары пальмалар өсетін алқап жақтан бір адамның айқайлаған дауысын естігенін мәлімдеді. Алайда, мұның мән-жайын анықтап, айқайлаған адамның кім екенін білуге ешкім де бармаған.
Пікір қалдыру