Білім беру мен маман даярлау мәселесі қаралды

/uploads/thumbnail/20170710000331619_small.jpg

29-наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде «Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының аясында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның міндеттері, оның ішінде WorldSkills Kazakhstan жобасы» тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өткізілді деп хабарлайды qamshy.kz.

Іс-шараға спикер ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минитрлігі ТжКБ департаменті халықаралық жобалар және серіктестік басқармасының басшысы Рауза Ширгатова, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның Басқарма Төрағасы Нұрғали Аршабеков, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары Сағат Аппаев, «Электромонтаждау  жұмыстары» құзыреттілігі бойынша техникалық сарапшы Абильдинов Қуатбек Булатұлы қатысты.

Брифинг барысында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның қызметіне қатысты жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, мамандарды даярлау сапасын арттыру сұрақтары, WorldSkills Kazakhstan жобасын дамыту және т.б. сұрақтар мен тапсырмаларды қозғау жоспарлануда.

WorldSkills – халықаралық қозғалыс, әлемнің 76 мемлекетіне таралған. Оның басты мақсаты жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және кеңінен насихаттау болып табылады.

2017 жылғы Ұлттық чемпионаттың басты мақсаты – жастарды жұмысшы мамандықтарды игеруге тарту. WorldSkills қозғалысы еліміздің жас мамандарына игерген кәсіби дағдыларын және құзыреттіліктерін баршаға көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатын 2017 жылғы сәуірде 27 құзыреттілік бойынша ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде. Ұлттық құрама мүшелері WorldSkills Russia және Абу-Даби қ. (БАӘ) халықаралық чемпионаттарға қатысады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар