31 наурыз – 1 сәуір аралығында ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған Қазақстан делегациясы Қытай Халық Республикасының Бежің қаласында бірнеше маңызды кездесулер өткізеді деп хабарлайды qamshy.kz ҚР АШМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Делегация құрамында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңірлердің салалық басқармаларының басшылары, «ҚазАгро» холдингі мен еншілес ұйымдары өкілдері және ауыл шаруашылығы қауымдастықтарының жетекшілері мен жеке кәсіпкерлер бар.
Сапардың басты мақсаты – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыру және екі жақты тиімді келісімдерге қол жеткізу.
Пікір қалдыру