Түркияның қарулы күштері Сирияның солтүстігінде жүргізген «Евфрат қорғаны» операциясы сәтті аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА жаңалықтар қызметі.
Бұндай мәлімет Түркияның Ұлттық қауіпсіздік кеңесі ұйымдастырған отырысында айтылды.
«Евфрат қорғаны» операциясы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ДАИШ лаңкестерінен келетін қауіп-қатерден қорғану, сириялық босқындарды еліне қайтару сәтті аяқталды», - делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, Түркия әскері өткен жылдың 24 тамызында Сирия оппозициясымен бірігіп, ДАИШ лаңкестеріне қарсы «Евфрат қорғаны» операциясын бастап, шекаралас Джараблус және Эль-Баб қалаларын өз қарамағына алған. Осыған дейін Түркия президенті Ердоған осы операцияның басты мақсаты - бес мың шаршы шақырымды лаңкестерден тазартып, босқындарды қоныстандыруды көздейтінін айтқан.