Мадейра әуежайында орнатылған «Реал» футбол клубының ойыншысы Криштиану Рональдуның мүсіні елді күлкіге қалдырды. Бұл туралы «Қамшы» порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мүсіннің «Реал» футбол клубының шабуылшысына мүлдем ұқсамайтынын әлеуметтік желілерде қызу талқыға салынып сөз етілген.


Әлеуметтік желі қолданушылары бұл мүсінді Рональдуға қарағанда ойдан шығарылған анимациялық кейіпкерлерге ұқсайтынын жазған. Мәселен,

John Sheehan есімді твиттер қолданушысы: «Не деген керемет үйлесім, не деген ұқсастық.» деп қалжыңдайды.

29 наурызда Партугалиядағы Мадейра әуежайына ресми түрде Криштиану Рональдуның есімі берілді.