Алматыда «террорситер» жайында фильмнің жабық көрсетілімі жарнамасыз өтті

/uploads/thumbnail/20170710001019266_small.jpg

Алматыда «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Сенім жолында» деректі фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Фильм негізінен Ақтөбөде былтыр жазда болған қанды оқиғаға арналған.

Алматылық режиссер Әсия Байғожинаның мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен, дін және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен түсірген деректі фильмінде бірнеше адамның басынан кешкен оқиға айтылады. Ол әңгіменің бәрі радикал исламға (кей дінтанушылар бәрі бір деп білетін ваххабит, салафит, недждиттерге) қатысы бар адамдар жайлы.

Фильмге Ақтөбеде 2016 жылы маусымның 5-інде болған, бір топ қарулы жастың шабуылынан жеті адам қаза болып, 40 шақты тұрғын жараланған оқиға арқау болған. Билік сол оқиға кезінде 20-сы ұсталып, 18-сі қаза тапқан ол адамдарды «радикал дәстүрлі емес діни ағымды ұстанушылар» деп сипаттаған. Шабуылды кейін теракт деп атаған. Осы оқиғадан кейін «діни радикал» деп танылған жергілікті ондаған жас түрмеген түскен.

Режиссер Әсия Байғожина бұл фильмнің өте аз уақытта түсірілгенін айтады.

– 2016 жылы күзде тапсырыс берді. Қазанның 17-сінде жұмыс басталды, жаңа жылға дейін бітіріңдер деді. Қысылтаяң жағдайда түсірдік, – дейді ол.

«Сенім жолында» фильмінің басында Ақтөбедегі шабуылдаушылардың сотынан көрініс берілген. Бұл кадрді фильм авторлары түсірген. Экстремизм және терроризм айыбымен сотталған азаматтармен сұхбатты фильмнің кеңесшісі – Ақтөбедегі Аңсар кеңес бері және реабилитация орталығының директоры Асқар Сабдин ұйымдастырған.

Фильмдегі басынан кешкен оқиғасын айтқан адамдардың бірі – түрмеде отырған Жансерік есімді азамат. Ол «болмаған терактіні дайындағаны үшін» сегіз жылға сотталған. Өзінің айтуынша, Жансерік дәстүрлі исламнан алыстап, дәстүрлі емес исламға өтіп, «әйелің мен балаларыңды шариғатпен өмір сүретін Вазиристанға (Пәкістанның солтүстік-шығысындағы өлке) алып кет» деген адамдарға сеніп қалған. Ол өзі сияқты адамдарды отандарының (өзбектерді – Өзбекстанға, ұйғырларды – Қытайға) арнайы қызметтеріне сататын «пәкістандық арнайы қызмет орындарына тұтқын болғанын» айтады. Жансерік өкінетінін айтып, қателігін қайталамауға шақырады.

Радикал исламға ұрынған өзге адамдардың оқиғасын Қазақстандағы туыстары мен таныстары әңгімелейді. Мәселен, ауыл мектебіндегі орыс тілі пәнінің мұғалімі әйелі мен балаларын алып, Сириядағы «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына барып қосылған.

Сирияға кеткен кейіпкерлердің бірінің ИМ жағында соғысқан үлкен ұлы өлген. Қазақстандағы туыстары алты адамы бар отбасы елден кетуге керек құжаттарды қалайша бір күнде рәсімдеп алғандарына таңырқайды.

Бір қызығы, фильм ешқандай жарнамасыз көрсетілген. Алғашында, наурыздың 27-сінде «Қазақфильм» киностудиясы «Арман» кинотеатрында наурыздың 29-ында өтеді деп жоспарланған «Сенім жолында» фильмінің премьерасына журналистерді электрондық пошта арқылы шақырды. Ертеңінде «Қазақфильм» пошта арқылы премьераның басқа күнге қалдырылғанын, міндетті түрде болатынын хабарлады. Бірақ әуелгі хабарланған күнгі премьераға бірнеше минут қалғанда Facebook-те режиссер Әсия Байғожинаның премьераның уақытын өзгертпегені туралы ақпарат пайда болады. Оған үлгерген адам, кешігіп болса да барып, фильмді тамашалап қайтты. Фильм көрерменнің ойынан шыққан көрінеді. Кейбірінің айтуынша, аталмыш фильмді теледидарлардан көрсетуге тыйым салуы мүмкінү Алайда, барлық адам міндетті түрде көруі тиіс екен.

Дерккөз: Азаттық

Фото: Алексей Азаров

Қатысты Мақалалар