Орал қаласында ірі көлік апаты орын алды. «Болашақ» құрылыс компаниясының директоры, Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаты Қайдар Қошанов жол көлік апатына басты себепкер болған, деп хабарлайды BNews.kz, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
БҚО ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 29 наурыз күні, шамамен таңғы сағат 10:00-де Toyota Land Cruiser 200 көлігінің иесі Қайдар Қошанов Самара-Ташкент тас жолымен келе жатып «Лада 21073» көлігіне жол бермеген, нәтижесінде екі көлік соқтығысып, жеңіл автокөлік жол жиегінде тұрған Audi B4 көлігіне барып соғылған.
Жол көлік апатының салдарынан, «Лада» автокөлігінің жүргізушісі мен қасындағы жолаушыны ауыр халде ауруханаға алып барған. Audi B4 көлігінің иесі медициналық көмектен соң үйіне жеткізілді.
«22 жастағы ер адам миына қатты зақым келгендіктен көз жұмды. Ал 63 жастағы әйелдің сүйектері сынған. Ол кісіге ішінен қан кетіп және ішкі мүшелері қатты зақымданған деген диагноз қойылып, зардап шегуші ауыр жарақаттан қайтыс болды», - деп хабарлады хирургиялық аурухана директорының орынбасары Құттымұрат Жақсығалиев.