Австралиялық құтқарушылар мен өрт сөндірушілер Квинсленд штатының Эр қаласында жол үстінде жатқан ірі акулаға көздері түскен. Жақында орын алған Дебби дауылының нәтижесінде жол ортасына тап болған акула өлі күйінде табылған. Бұл туралы «Қамшы» порталы Brisbane Times-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Видеода жол үстінде жатқан акуланы көруге болады. Тіпті автокөліктер оны басып өтіп кетіп бара жатқанын байқауға болады. Қуанышқа орай, акула ешқандай қауіп төндірмеген. Алайда, құтқарушылар осындай жыртқыштардың дауыл кесірінен құрлыққа шығып кетулері әбден мүмкін дейді.