Екінші саты 20 күн – эскиз жобаны мақұлдау бекітілген стандартқа сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі №155 қаулысымен бекітілген регламенті әзірленіп, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері тарапынан жүзеге асырылады. Бұл туралы облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Асқар Рыспаев өңірлік ӨКҚ-де өткен брифингте мәлімдеді деп хабарлайды qamshy.kz.
Өтінішті қарау және техникалық және технологиялық жағынан күрделі емес объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі 9 жұмыс күнінен аспайды.
Өтінішті қарау және техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілердің эскизін (эскиздік жобасын) келісу мерзімі 14 жұмыс күнінен аспайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Көрсетілетін қызметті алушыға (не уәкілетті өкілі: құзыретін растайтын құжат бойынша заңды тұлғаға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Сондай-ақ, үшінші саты 10 күн – рұқсаттың өзі, тапсырыс берушімен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынақұрылыс монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарландыру (уведомления) берілуі 10 күн ішінде жүзеге асырылады.
2016 жылғы берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасының жалпы саны – 875;
Оның ішінде:
- жеке тұрғын үйге – 152;
- кәсіпкерлік объектілерге – 202;
- қоғамдық ғимараттарға – 69 және т.б. объектілер;
«Эскиздік жобаны келісуден өткізу» 20-күн.
Қалалық немесе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі қасбетті (фасад) келісуден өткізеді.
2016 жылы жалпы саны 73 эскиздік жоба келісуден өткізілді.
Оның ішінде:
- жеке тұрғын үйге – 19;
- кәсіпкерлік объектілерге – 31;
- қоғамдық ғимараттарға – 23, - деп сөзін түйіндеді басқарма басшысы Асқар Мақшанұлы.