Мемлекеттік тілді үйретудің жаңа әдістемесі

/uploads/thumbnail/20170710001804173_small.jpeg

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылдың 7 сәуірінде  «Мемлекеттік  тілді  үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация»  республикалық семинарын өткізеді деп хабарлайды qamshy.kz.   

Семинардың  мақсаты – мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені  зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын тәжірибеге енгізу.

Семинарға  ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, тіл мамандары, Астана, Алматы қалалары және облыс орталықтарындағы Тілдерді дамыту басқармаларының басшылары, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының  мамандары қатысады.

Семинар барысында әдіскер-ғалымдар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Тілдерді оқыту орталықтары мен республикаға белгілі  үздік әдіскерлер панорамалық және онлайн режимінде шеберлік сабақтарын көрсетеді. 

Қатысты Мақалалар