Әлеуметтік желіде жанкүйерлері Кәсіпқой бокста бақ сынап жүрген отандасымыз Батыр Жүкембаевті Головкиннен асып түсуі мүмкін деп болжады деп хабарлайды Qamshy.kz
Батыр Жүкембаев 29 қаңтарда 8 раундқа жоспарланған жекпе-жекте мексикалық қарсыласын 2,5 минутта нокаутқа түсірген болатын. Нәтижесінде осы кездесудің қорытындысы бойынша отандасымыз «BoxRec» рейтингінде 26 орынға жоғарылап, 91-орыннан көрінді.
25 жастағы қазақстандық боксшы Канада жерінде сегіз жекпе-жек өткізіп барлығында жеңіске жетті. Оның жетеуін уақытынан бұрын аяқтады. Сондай-ақ бір жекпе-жегі қарсыласының жарақат алып қалуына байланысты есепке алынбады. Батыр Жүкембаевтің лақап аты — «777»
Ескерте кететін болсақ, Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Батыр Жүкембаев (8-0, 7КО) пен Абылайхан Құсайынов (5-0, 4КО) өздерінің келесі жекпе-жектерін 6-сәуір күні Канаданың Квебек қаласында өткізеді. Қарсыластарының есімдері әзірше белгісіз. 6-сәуір күні өтетін жекпе-жекте Батыр Жүкембаев 10 раундтық, Абылайхан Құсайынов 6 раундтық кездесу өткізеді деп жоспарланған.