Қазақ баласы Халықаралық фестивальде І-ші дәрежелі Лауреат атанды

/uploads/thumbnail/20170710001820345_small.JPG

Сочи қаласында «Халықтың қайнар көзі» ұлттық мәдениет және фольклордың халықаралық фестиваль-конкурсы өтті. Бұл конкурсқа Қазақстан Республикасының Красный Яр ауылының №3 мектеп –гимназиясының 7 сынып оқушысы Жанат Жандос қатысты.

Жандос І дәрежелі Лаурет атанып, «Орындау шеберлігінің жоғары мәдениеті үшін» Арнайы приз дипломымен марапатталды.

Фестивальға Ресейдің түкпір-түкпірінен, алыс және жақын шет елдердің, берліген жанрларда әр түрлі стилде және бағытта өнер көрсеткен хореографиялық, вокалдық пен фольклорлық ұжымдар қатысты. Балалар,  жасөспірім және ересек кәсіби және әуесқойлық ұжымдар, және де халық шығармашылығының бөлек орындаушылары: хореографиялық, вокалдық, фольклорлық, театрлық және хорлық жанрларда орындаушылар өнерлерін көрсетті.  .

        Атап өтсек, «Халықтың қайнар көзі» Халықаралық конкурсы бір сахнада бес жылдай талантты бишілерді, театр әртістерін және вокалистерді жинауда.  Биылғы жылы конкурсқа Ресейдің 30 өңірінен, Латвияның, Өзбекістанның,  Абхазияның және Қазақстанның және басқа да елдерден мыңнан астам таланттары қатысты.

 

 

 

Қатысты Мақалалар