Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хе 45 жылға сотталуы мүмкін деп хабарлайды "Қамшы" chinanews.com-ға сілтеме жасап. Мұндай болжамды Солтүстік Кореяның заң сарапшылары мәлімдеді. Пак Кын Хеге 13 қылмыс бойынша айып тағылып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 27-ші наурызда Пак Кын Хені қамауға алу туралы сауал прокуратураға жолданған. Сеул соты экс-президентті қамауға алу туралы шешім шығарды. Экс-президент қамауға алынды.