БАҚ: «Қытай өлген адамның етін сата бастады»

/uploads/thumbnail/20170710002017300_small.jpg

Қытай мен Замбия елдерінің арасында халықаралық жанжал туды. Оның кең белең алғаны соншалық Қытай үкіметі әлемдік ұйымдардың алдында ақталып, Замбия билігінің кешірім сұрауын талап етті. Жанжал, Замбияның бұқаралық ақпарат құралы «Қытай адам етінен жасалған ет сатады» деп ақпарат таратқаннан басталды.  

Барлығы әлеуметтік желіде Қытайдың ет жасайтын комбинаттары қайтыс болған адамдардың етін өндеп, консервімен Замбия еліне экспортталады деген ақпараттың шығуымен басталды. Оған қосымша ретінде «Адамның еті» деген атаумен фотолар қосымша берілді.

БАҚ-та бұл ақпарат пен фото тез таралып, халық арасында наразылық тудырды. Замбияның ақпарат құралдары нақты комбинаттардың атын атап, фотоларды жариялағаннан кейін Қытай замбиялық БАҚ-ты тексерілмеген жалған ақпарат таратты деп айыптаған. Мақалада Қытайда қайтыс болғандардың денесін көметін жер болмағандықтан, одан пайда көріп, сатылымға шығарды деген мағынадағы айыптаулар бар. Тіпті Қытайда адамның еті қымбат болғандықтан оны қалталы адамдар ғана жей алады дегендері де болды. Осыдан кейін Замбияның Қытайдағы елшісі Янг Юминг ресми түрде жоғарыда аталып өткен ақпараттардың барлығын жоққа шығарды.

Тексеріс барысында ақпараттың жалған екендігі анықталды. Ал фото Лондондағы Смитфилд базарында жарнамалық компанияның түсірген фотосы болып шықты. 

Замбияның қорғаныс министрінің орынбасары Кристофер Муленг Қытай үкіметінен кешірім сұрап, жалған ақпарат таратқандарды жазалауды қолға алатынын айтты. Тексеріс жұмыстары басталып кетті.

 

Қатысты Мақалалар