Жаңа туылған сәбилерге неке туралы куәлік берілді

/uploads/thumbnail/20170710002048238_small.jpg

Қырғызстанның бас прокуратурасы бұрынғы вице-премьер-министр Тайырбек Сарпашев пен Мемлекеттік тіркеу қызметінің лауазымды тұлғаларына қарсы "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген баппен қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды centralasian.org прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокуратура мәліметі бойынша, 2013 жылы 28 наурызда мемлекеттік тіркеу қызметі туу туралы куәлікке 8 млн сомға тендер жариялаған. Оған екі компания қатысып, соның бірі жеңіске жеткен.

Қаржы министрлігі тендерді өтті деп таныған. Бірақ Сарпашев тендерде ұтылған компаниядан куәлік бланктерін сатып алуға тапсырма берген.

40 мың туу туралы куәлік жаңа туған сәбилерге таратылған. 2015 жылы маусымда мамандар бланктерден қате тапты: туу туралы куәліктерде ұсақ әріптермен "Неке туралы куәлік" деп жазылған.

 

Қатысты Мақалалар