ҚР Инвестиция және Даму министрі Жеңіс Қасымбек отандық көлік өндіру турасында есебін жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz.
Машина жасау саласы Қазақстанның экономикалық дамуының маңызды қозғалтқышына айналды. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығын жүзеге асыру барысында машина жасау еліміздегі ең қарқынды дамыған сала болды. Бұрын-соңды елімізде шығарылмаған жаңа жоғары технологиялы өнімдер пайда болды: локомотивтер, электровоздар, жолаушылар вагондары, тікұшақтар, автокөліктер.
Аталған саланы жан-жақты дамыту үшін жыл сайын Қазақстан машина жасаушыларының Форумын өткізуді дәстүрге айналдырдық. Өткен жылдың қыркүйек айында әлемнің 20 елінен 100-ден астам делегат қатысып, отандық машина жасау саласын дамыту туралы келелі жиын болды. Бұл салада шетелдік майталман мамандармен тәжірибе алмасу біз үшін ауадай қажет.
Соңғы жылдары осы саладағы өндіріс көлемі төмендеген, бірақ төмендеу қарқыны біртіндеп баяулап келеді. 2015 жылмен салыстырғанда негізгі өнім түрлеріндегі өндіріс көлемі біршама артқан. Мәселен, жүк автокөліктері, тіркемелі жүк вагондары, электрлі трансформаторлар мен конденсаторлар, талшықты оптикалық кабель және аккумулятор өндірісінде өсім бар.
Пікір қалдыру