Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы жанкүйерлері оған қазақ тілінде бірнеше ән айтып берді. Оның ішінде Димаштың репертуарындағы "Көркемім" әні де бар. Желіде таралған видео әуежайда түсірілген. Бұған дейін қазақстандық әншінің продюсері әрі досы Алпамыс өзінің инстаграм парақшасында бірнеше мәрте қытай қыздарының Димаш ұшатын рейске билет сатып алып, әуежайде кездесуде талпынатынын айтқан.