Хиджап киюден бас тартқан 14 жасар қыз анасының қаһарына қалып шашсыз қалды

/uploads/thumbnail/20170710002525086_small.jpg

 Италияда 14 жасар қыздың ата-анасы оны осылайша жазаламақ болған. Көпшілік жерде орамал тағудан бас тартқаны үшін оның шашын алып  тастаған. Бұл туралы «Қамшы» порталы lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл оқиға Бангладештен келген Болоньяда тұратын азаматтар жанұсында орын алған.  Келушілер полиция көзіне бұрындары  ерсі қылықтарымен түспеген.

Қыздың анасы өзінің 8-сыныпта оқитын қызының мектепке барарда хиджапты шешіп, үйге келгенде қайта киетінін көріп оның шашын алып тастаған.

Осы жағдайдан кейін мектепке барған қыз мектеп мұғалімдеріне өзінің жағдайын айтып құқық қорғау органдарына хабарласуды сұраған.

Нәтижесінде қыздың әке-шешесі оған тек қана хиджаб киюді міндеттемегені белгілі болды. Сонымен бірге үйден жалғыз еш жерге шықпауға, ер адамдармен, тіпті өзінің сыныптасырымен сөйлесуге тыйым салынған. Қызды қандай да бір зорлыққа итермелемесе де, қызға және оның сіңілдеріне психологиялық қысым жасалатыны белгілі болды. Ата-аналар балаларға қаталдық көрсеткені үшін айыпталып, қыздар болса ата-аналарынан жырақталып қауіпсіз жерге орналастырылды. Ата-аналары сот алдында жауап беретін болады.  Қаладағы мұсылман қауымдастықтары құқық органдарының мұндай іс әрекеттеріне теріс пікірлерін білдірді.

Қатысты Мақалалар