Жастар театры Алматы қаласында гастрольдік сапармен келеді

/uploads/thumbnail/20170710003005809_small.jpg

Астана қаласы әкімдігінің Жастар театрына 10 жыл, көркемдік  жетекшіміз Нұрқанат Жақыпбай  70 жасқа толуына байланысты, сәуір айының 20 мен 26 күндері  аралығында Алматы қаласында гастрольдік сапарын өткізеді.  Астананың Жастар театры М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында өнер көрсетеді.

Гастроль барысында алматылық көрермендер театр репертуарындағы                    Ә.Кекілбаевтың «Нартәуекел»,  Б.Соқпақбаевтың «...Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...»,  С.Қасымбектің «Лифт», Н.Гогольдің «Ревизор», Т.Миңнуллиннің «Іздеп таптым сені...» Ж.П.Пило, О.Шультездің «Моцарт», У.Шекспирдің «Асауға тұсау» қойылымдарын тамашалай алады.  Аталмыш  гастрольдік спектакльдер М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында өтеді.

Қатысты Мақалалар