Қазақстан президенті Назарбаев Әзербайжанға 3 сәуірде мемлекеттік сапар жасағаны туралы хабарлаған едік. Сапар барысында Қазақстан Президенті Әзербайжанның азаттығы мен аумақтық тұтастығы жолында қаза тапқан батыр перзенттері жерленген Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қойған болатын. Ақорданың баспасөз қызметі Елбасының Әзербайжанға сапары туралы арнайы видео ролик жариялады.
Айта кетсек, іссапар аясында Бакуде екі ел басшысы кездесіп, өзара ынтымақтастық пен сауда айналымын ұлғайту мәселелерін талқылаған еді.