Қазақстанда 9 миллион адам интернет қолданады

/uploads/thumbnail/0_small.jpg
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман ҚырықбаевҚР Көлік және коммуникация министрлігі ұйымдастырған "Ақпараттық Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жобасы бойынша қоғамдық тыңдауда айтты.  
"Қазақстанда бүгінде 9 млн. халық интернетті пайдаланады. Елімізде күніне 25-30 мың адам электронды үкімет қызметіне жүгінетіндігін ескерсек, ақпараттық қоғамды құрудың маңыздылығы жоғары" дейді Арман Қырықбаев. Сондай-ақ, бұл жиында ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі Сәкен Сәрсенов алдағы уақытта Қазақстандағы барлық мемлекеттік қызметтердің ұсынылу мерзімін 2 күнге дейін жеделтетінін айтты. Қоғамдық тыңдауда «Қазақстан» телерадио корпорациясы» АҚ басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова ақпарат тарату жолында білікті мамандардың аздығын сөз етсе, "7-арнаның" бас директоры Әзиза Шөжеева еліміздегі Ресейдегідей әр арнаның өз телесериалы болатындығын, сондай-ақ, жеке продюсерлік орталықтарға отандық өнім жасауда көп мүмкіндік беруді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаевтың назарына салды. Дереккөз: "БАҚ"

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар