Ақан Сатаевтың тарихи драмасы «Жау жүрек мың бала» «Оскар»-дың лонг-лист номинациясы бойынша «Ең үздік шетел тіліндегі фильм» таңдауына ілікті деп хабарлайды
Тengrinews.kz-сайты Oskar.org-ға сілтеме жасай отырып. Аталған номинация бойынша сыйлыққа ие болған тағы 71 фильм бар. Оның ішінде Россиялық режиссор Карена Шахназаровтың «Ақ жолбарыс» (“Белый тигр”), Қырғызстаннан Нұрбек Эгеннің «Бос үй»( ”Пустой дом”) фильмдері бар. Естеріңізде болса «Жау жүрек мың бала» 2012 жылдың 3 мамырында көрерменге жол тартқан болатын. Алғашқы екі апта бойы прокат көшбасшысы болды. Көрсетілім сондай-ақ Францияда 17 мамыр күні Канн кинонарығы шеңберінде де көрсетілді. Әлемдік прокатқа құқықты канадалық “108 Media” компаниясы алды. Айманов атындағы “Қазақфильм” АҚ президенті Ермек Аманшаевтың хабарлауынша, алдағы уақытта “Жаужүрек мың бала” фильмін “Алтын Глобус” пен “Оскарға” ұсыну жоспарда бар екенін мәлім еткен болатын.
Дереккөз: Мінбер
Пікір қалдыру