Қазақстанға қытайдан синтетикалық есірткі емін-еркін кіріп жатыр

/uploads/thumbnail/20170708154242217_small.jpeg

Қазақстанға Қытайдан синтетикалық есірткінің жаңа түрлері келіп жатыр, Алматыда өткен дөңгелек үстелде бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары Жанат Битенов айқан. Бұлай деп Tengrinews.kz хабарлады.

"ҚХР-дан есірткінің жаңа түрлері, атап айтқанда JWH келіп жатыр. Біз онымен күресіп жатырмыз, үлкен бөлігін тәркілейміз. Синтетикалық есірткі түрлері есірткі заттарының жиынтық кестесіне кірмейді, сол себепті біз онымен ұсталған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарта алмаймыз, осы жағынан проблема бар. Соған байланысты Қазақстанның жаңа Қылмыстық кодексіне 2015 жылдан бастап, синтетикалық есірткі түрлері бойынша жаңа тармақ енгізіледі, біз сонда ғана тосқауыл қоя аламыз. Әрине, басқа да қиындықтар бар, мысалы, spice бар. Оған Интернетпен еркін тапсырыс беруге болады. Бұл жағынан кеден және пошта қызметтерімен бірге жұмыс жүргізіп жатырмыз", - деді Битенов.

Оның айтуынша, бұл мәселе әлем бойынша бар. Синтетикалық есірткі түрлері Ресейге де, Еуропа елдеріне де барып жатады. Әлемде синтетикалық есірткінің 240-тан астам түрі бар екен. Қазақстанда есірткіге тәуелділердің қатары қазір 40 мың адам деңгейінде көрінеді.

Қамшы-ақпарат

 

Қатысты Мақалалар