Шетелдегі қазақтарға арналған арнайы квоталар бар. Бірақ, олар тек бакалвр үшін ғана жарамды. Ал магистратура мен PhD доктрантураға түскісі келетіндерге әзірге квота жоқ. Магистратура мен PhD доктрантураға түсу үшін сынақ тапсырар кезде жасалатын жеңілдік: тілдік қолданысқа байланысты. Яғни, егер ол тұрған мемлекетте қазақ тілін оқымаса, орнына емтиханды ағылшын тілінен тапсыра алады. Шетелдегі қандастарды атамекеніне тарту жөніндегі Елбасы тапсырмасы бар. Бакалаврға қабылдау жолға қойылды. Енді бакалаврдан кейінгі білім аламын деуші қандастарға арналған тілдік қолданыстан басқа жеңілдіктер қарастыруды қолға аламыз. Шетелдік қандастардың магистратура мен PhD докторантура үшін тапсырылатын сынақта тілдік қолданыс жағынан жеңілдіктер қарастырылып, сынақ тапсыруға қолайлы жағдай жасауға тапсырма берілген.

Аслан Сәрінжіпов. (Abai.kz порталындағы конференция жауаптарынан алынды)