Жылына бip рет денсаулықты тексерiп тұру керек қой. Бүгiн дәрiгерге барып, анау-мынау анализдерімдi тапсырдым. - Аты-жөнiңiз? - Пәленшеев Түгенше - Толық жасыңыз? - Елу жастамын. - Елу! Кағаз толтырып отырған медбике мен компьютеріне шұқшиған дәрiгердiң таңданған дауысы қатар шықты. Мұндай "таңданысқа" мәз болатын әйел заты емеспiз ғой. Оның үстiне бipiншi рет естiп тұрмаған соң, "жас көрінгенім" өзіме "сұмдық приятно" бола қойған жоқ. - Бiлем, түрiм елудегі кісіге емес, қырық тоғыздағы жігіт ағасына ұқсайды. Бақыт Сыздықоваға сұлулығы мен салмағы қатты ұқсайтын медбике де сөзден қалыспайды адам екен. - Жоқ, сiз одан да жас көрiнесiз. Мен сiздi қырық сегiз жарым жаста деп ойлап едім. Қателесіппін...
Серік Аббас-Шах. (Facebook-тегі парақшасынан)