Имперлік уағыз-насихат айтатын арналар тіркелуінен қорқамын

/uploads/thumbnail/20170708154302086_small.jpg

Кешелі бері біраз жұрт Бас прокуратураның елімізде тіркелмеген шетел, оның ішінде Ресей арналарын ауыздықтаймыз деген мәлімдемесіне қуанып жатыр. Менің қорқатыным мынау. Жұртқа қызықты, пайдалы арналар болады, солар тіркеуден өтпей, имперлік уағыз-насихат айтатын арналар келіп, тіркеле сала ма деп қорқамын. Оларға қарсы біздің шенеуніктер ештеңе деп айта да қоймас. Мысалы, қазаққа бола Еуроспорт, Хистори, Дискавери деген сияқты танымдық арналар әдейілеп келіп, министрліктің құжатын алып жатпасы анық. Есесіне олардың орнына бес-он ресейлік телеарна кіріп кетсе де таң қалмаймын. Мысалы, мен Алма-тв деген бәленің тұтынушысымын. Кезінде дәл осы танымдық телеарналар үшін қосылғанмын. Бүгінде солардың біразы лицензия жоқ деген әңгімемен кабельдік арнаның мәзірінен түсіп қалды. Орнына кіл ресейлік танымдық арналар кіріп алды. Бағыттары да айқын енді. Соған бола Смарт-теледидар сатып алып, көптеген дүниені интернеттен көруге мәжбүрмін. Себебі осы арнаның контентінің 70-80 пайызы ресейлік телеарналар. Сонда маған Алма-твның не қажеті бар? Егер реттеуді бастайтын болсақ, алдымен осы кабельдік арналардан бастағанымыз дұрыс сияқты. Арналардың пакеттерінде бір елдің үлесі 20 пайыздан аспауы тиіс деген шектеу қою керек сияқты. Баспасөз туралы заңда шетелдіктер қазақ баспасөзінің 20 пайызынан артық иегері болмауы тиіс деген норма бар. Осыны кабельдік арналарға да тағу керек. Көрші елдердің арналарын көбірек қоссын, Өзімізге маңызы бар деген алпауыт елдердің ең болмаса біреуден басты жаңалық тарататын арналарын қоссын. Шетел тілдерін үйренуге де сеп болады.

Айдос Сарым. (Facebook-тегі парақшасынан)

Қатысты Мақалалар