Таң қаламын! Бүгін еліміздің Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. "Отырыста әлем мен өңірдегі геосаяси ахуалдың өзгеруі жағдайында Қазақстанның сыртқы саясат тұжырымдамасын іске асыру мәселелері қаралды. Ұлттық қауіпсіздік саласындағы жаңа қауіп-қатерлер мен тәуекелдер талқыланып, олардың алдын алу шаралары пысықталды" деген хабар таралды. Барлық телеарналарда бұл жаңалық ЭКСПО мен Н.Смағұловтың көлеңкесі ретінде аталып қана өтілді.
Неге? Видеосы неге жоқ? Жарайды, жабық жағдайда өтті делік. Бірақ журналистер бейтарап сарапшыларды тартып, қандай мәселе талқыланды, ел басшылығы неге алаңдауда деген тұрғыда сауалнама өткізсе де болатын еді ғой! Тіпті Қауіпсіздік кеңесінің мамандары, Қорғаныс немесе Сыртқы істер министрлігінің басшылары эфирге шығып, болған жай туралы әңгіме қозғап, бәрін айтпаса да, қауіп-қатерлер туралы алаңдап отырған халыққа неге ашық, шынайы әңгіме айтпайды?
Ертең Украинадағы жайттар Қазақстанда қайталанса эксполар кімге керек болады?
Біз елміз бе әлде боқпыз ба? Әлде Кеңестің мүшелері іс насырға шапса Қобыланды мен Алпамыстардай жауға жалғыз шабамыз деп отыр ма?
Айдос Сарым. (Facebook-тегі парақшасынан)
“Қамшы” сілтейді