БАҚ беттерінде «Абайдың «Жидебай – Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Ж.Әубәкір хабарлаған Шәкәрімнің суреті туралы мақала жарық көрді, онда Шәкәрімнің суреті туралы зерттеу жүргізген мұражайдың еңбегі еш кетпегін айтылады.
Шәкәрімнің бүркіт ұстап түскен суреті бұған дейін тұрақтандырылмай келген. Себебі: сурет жарық көрген кітапта «Охотник с беркутом. Казахи. Семипалатинский у. 1927 г» деген ғана жазба болған. Яғни, Шәкәрім ақын деп жазылмаған. Сол себептен де Абай мұражайы суреттің түпнұсқасын іздестіру жұмыстарын жасаған екен.
Аталмыш мұражай Мəскеудегі Ресей Ғылым академиясының Н.Н.Миклухо-Маклай атындағы Этнология жəне антропология институтының архивінде бір апта жұмыс жасап, этнографтың 10 папка жеке архивімен, түсірген суреттері мен жазбаларымен танысыпты.
Шәкәрім суреті 54 фондыда сақталған екен. Сурет артында «Казахи. Семипалатинский губ., семипалат у., уроч Кенбулак, Шакпактас. Шакарім кажи со свойим беркутом. Фиельструп. 1927 г.» деп жазылған. Сонымен қатар Шәкәрім қажы аулының көріністері, қазақтың тұрмыс – салты мен ерекшеліктерін көрсететін өзге де көптеген суреттер табылып отыр.

Бұл суреттің басты құндылығы түпнұсқа болғандығы, сондай-ақ фотоның анық Шәкәрімдікі екендігі туралы жазбаның болғандығында. Сонымен қатар Шәкәрімнің бүркітінің жеке суреті де елімізге алғаш әкелінген.
Қамшы-ақпарат