Ұмтылар бағытымыз - Еуропа одағы болуы керек!

/uploads/thumbnail/20170708154310930_small.png

Қазіргі Еуропа саясатындағы Украинамен қатар ең өзекті мәселе - Шотландияның тәуелсіздік туралы референдумы. Шотландиядан соң Еуропадағы келесі "сепаратистер" каталондықтар болуы мүмкін деп жатыр. Екеуін салыстырсақ, Каталония Шотландияға қарағанда әлдеқайда бай ел. Испания ішкі жалпы өнімінің он пайызын береді! Салыстырсақ, Шотландия Ұлыбритания ЖІӨ нің бір ақ пайызын құрайды! Осындай кішкентай елдер өз бетімен тәуелсіздік алып өмір сүре ала ма? Еуропа сарапшыларының айтуынша, оп оңай өмір сүреді! Мысал ретінде, халқының саны бес жүз мың ғана Лихтенштейнде де тәуелсіз ел емес пе! Тіпті оның саясаткері бүкіл Еуропа одаңының басшыларының бірі болды! Сол сияқты Шотландия да тәуелсіз, азат елге айнала алады. Еуропамен бірге Шенген зонасына қосылады, азаматтары бүкіл Еуропада еркін жүріп тұрады. Ал тәуелсіздігі мен азаттығын, қауіпсіздігін НАТО мен Еуроодақ қорғайды. Ал ең бастысы, тәуелсіздік туралы таңдауды халықтың өзі жасайды! Міне, Еуропа одағының Шотландия, Каталония сияқты елдерге Тәуелсіздік атты құндылықты беріп отыр. Ал біз жүрміз қайта тәуелсіздікті тартып алатын Еуразиялық одақ атты Кремльдің бәлекетіне қосылып. Шын мәнінде, ұмтылар бағытымыз - Еуропа одағы болуы керек!

Жанболат Мамай. (Facebook-тегі парақшасынан)

Қатысты Мақалалар