Қазақстанда адам ағзасын заңсыз түрде сату жөнінде 4 айғақ айқындалды. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі ҚазАқпараттың сауалына жауап беру барысында айтты.
Министрліктің хабарлауынша, алғашқы оқиға 2015 жылы Астанада анықталған. Ол кезде донор $15 000-ға бүйрек сатпақшы болды. Сатушы бір жарым жылға бас бостандығынан айырылған.
2016 жылы полицей қызметкерлері заңсыз түрде адам ағзасын саудаға салған екі айғақты тапты.
Ал, бүгінгі таңда алматылық полицей қызметкерлері бүйрек сатушыға байланысты нақты айғақтарға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.
«Қазақстан Республикасында адам ағзасын заңсыз түрде саудалау жөнінде қылмысқа барған адам Қылмыстық кодексінің 116-бабына сәйкес ең көп дегенде 20 жылға бас бостандығынан айырылады» деп жауап берді ІІМ Тіл және ақпарат жөніндегі мемлекеттік департаментінің директоры Алмас Садубаев.
Адам ағзасын саудаға салу немесе күшпен алу жөініде тағы бір құжат – «Халық денсаулығы және денсаулықты сақтау жүйесі» Кодексі де бар.
Заңсыз адам ағзасын саудалаумен айналысқан адам ғана емес, оның сыбайластары да айыпты болып танылады.
Сонымен қоса, Ұлттық ғылыми хирургия орталығының жетекшісі Сызғанова, Алматы қаласының бас трансплантологы Болатбек Баймаханов адам ағзасын трансплантациялау арқылы ота жасау мүмкін емес екенін айтады.
«Бұл абсурд және ешкімге керек емес. Заңға қайшы ағзаны көшірудің кімге қажеті бар? Оның бәрі заңдық тұрғыдан рұқсат етілген ғой. Есі дұрыс хирург жасырын түрде ондай ота жасайды деп ойламаймын. Оның үстіне, жасырын трансплантациялау мүмкін емес. Трансплантация үзіп алу, кесіп алу деген сөз емес. Бұл хирургтар, анестезезиологтар, медбикелерден тұратын кемінде 40-45 адамның қатысуы тиіс күрделі процесс» деді Баймаханов.
Республикалық трансплантациялау жөнінде координациялық орталығының мәлімдегеніндей, 3000-ға жуық қазақстандықтар ағзаны трансплантациялау жөнінде кезекте тұр. Көбісі бүйрек ауыстыру бойынша, ал 15%-ы бауыр трансплантациялау бойынша кезекте.
Пікір қалдыру