Алаштың ардақты ұлына ескерткіш орнатылады

/uploads/thumbnail/20170708154326405_small.jpg

Бүгін Павлодар қаласында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші ашылады. Бұл туралы Baq.kz  облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Орнатылуы тиіс мүсіннің биіктігі 3,6 метрді құрайды. Ал тұғырымен бірге биіктігі - 7,6 метр. Жүсіпбек Аймауытовтың ескерткіші қоладан құйылған, тұғыры қою қара түсті жылтыр граниттен соғылған. Ескерткіштің авторы - астаналық мүсінші Ермек Тоқтаров. Мерекелік шара аясында Ж.Аймауытовтың есімі берілген облыстық театрда ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады.  Жазушы мерейтойы Баянауыл ауданында да жалғасын табады. «Ардақты Алаш азаматы» атты музыкалы-әдеби кеш және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар Баянауыл ауданы Мойылды алқабында өтеді. 

Биыл Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдық мерейтойы.  Ол Сталин жазалау саясатының ең алғашқы құрбандарының бірі болып, 1931 жылы атылды.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар