22 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күні

/uploads/thumbnail/20170708154403988_small.jpg

Бүгін - Қазақстан халқының тілдері күні. 1998 жылдың 20 қаңтарында елімізде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. 

1989 жылы Қазақ КСР-і Тілдер туралы заң қабылдап, қазақ тілін - мемлекеттік тіл етіп бекітті. Алайда, қазақ тілімен қатар орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып жарияланды. Осы баптың салдарынан қоғамдағы тіл қолдану үрдісі қазақ тіліне басымдылық бере алмай келеді. Тәуелсіздік алған уақыттан бері ширек ғасыр ішінде мемлекеттік тілді дамытуға қыруар ақша бөлініп, алуан бағдарламалар жасалса да қазақ тілі жалпыхалықтық тілге айнала қойған жоқ.

Президент бекіткен мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасына сай, Қазақстан халқы 2020 жылы 100 пайыз қазақ тілінде сөйлеуі тиіс.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар