Ашраф Ғани Ауғанстан Президенті болды

/uploads/thumbnail/20170708154402363_small.jpg

Ауғанстанның бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ғани елдің жаңа президенті болып ресми түрде жарияланды. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

Алайда, Ауғанстан тәуелсіз комиссиясы президенттік кампанияның аяқталғаны туралы мәлімдегенімен дауыс берудің ресми нәтижесі де, дауыс беруге қанша сайлаушы қатысқаны туралы да айтылмаған.

Бұның алдында Ауғанстанда биыл президент сайлауының екінші кезеңінде бәсекелес болған елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла мен бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ғани ұлттық ынтымақтастық үкіметін құру және билікті бөлісу туралыкелісімге қол қойған.   Ашраф Ғани президент қызметін атқарса, Абдулла Абдулла үкіметке жетекшілік жасауы тиіс болған.

Бұл келісімге дейін Ауғанстанда 14 маусым күні өткен президент сайлауының екінші кезеңінің қортындысына қатысты дау шығып, БҰҰ өкілдерінің бақылауымен дауыстар қайта саналған еді.

Қамшы-ақпарат

 

Қатысты Мақалалар