Жыл сайын Мұсылман әлемі айт мерекелерін һижра күнтізбесімен ғана атап өтетіні белгілі. Құрбан айт мерекесі зүл-хижжа айының 10-на сәйкес келеді. Ал, биылғы жылы Айттың нақты күні яғни зүл-хижжа айының кірген-кірмегені қазанның 15-сі күні кешке белгілі болады. Сол себепті, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қазанның 16-сы күні арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, Құрбан айттың нақты күнін жариялайды.
ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікір қалдыру