Жануарларды қорғайтын ұйымға белгісіз біреу хабарласып, Бангкоктағы аудандардың бірінде жануарды адам шошырлық жағдайда ұстап отырғанын хабарлаған.
Құтқарушылар оқиға орнына келгенде ассамдық маймылды көрген. Оның аты Джо екен. 1988 жылы маймылды адамдар асырап алған. 1991 жылға дейін оны үй жануары секілді ұстаған. Алайда ол өскеннен кейін оны тар торға қамаған екен. 25 жыл бойы Джо сол тордан шықпаған.
Құтқарушылар маймылды сатып алды. Оны тордан алып шыққанда жануардың қатты әлсірегенін байқаған. Ол 25 жыл бойы бір орыннан қимылдамаған. Сондықтан қайта жүріп кетуі өте қиынға соқты. Оған ұзақ уақыт қажет болды.
Тайландта жануарларды қорғайтын ұйымды құрған азамат 17 жылда жануарды мұндай халге жеткенін көрмегенін айтады.
Қазір маймылдық жағдайы түзеліп келеді. Бұл маймылдың түрі орташа есеппен 35 жыл өмір сүреді. Құтқарушылар оның жануарларға тән қалыпты өмір сүріп үлгереді деген сенімде.
Пікір қалдыру