Индонезияның қыздары адам шошырлық жағдайды бастан өткеруде (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710032354108_small.jpg

Әлемнің 30 елінде әйелдерді сүндетке отырғызады. Әсіресе Африка мен Жақын Шығыс елдерінде қыздарды сүндетке отырғызу көп кездеседі. Оңтүстік Америкада да қыздарды сүндетке отырғазатын елдер бар. Мұны діни наным-сенімге байланысты және мойын жатыры ауруын болдырмауы үшін жасайды екен.

Индонезия астанасында тұратын 284 отбасы қыздарын сүндетке отырғызуға рұқсат алды. Фотограф Стефани Синклер жаппай сүндетке отырғызу рәсіміне қатысып, өз сезімімен бөлісті.

9 айлық қыз өз кезегін күтіп отыр.

Сүндетке отырғызу мінәжаттан басталады.

Рәсімге дайындық.

Қыздарын сүндетке отырғызатын Азия елдері - Филиппин, Пәкістан, Малайзия, Индонезия, Араб әмірлігі, Бахрейн, Оман.

Дәрігерлер сүндетке отырғызу үшін қайшыны қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мұның дұрыс еместігін талай мәрте айтып жүр.

Кейбір елдерде қыздар сүндеттелгеннен кейін күйеуге шығуға және әшекей киюге құқығы бар.

Қажетті құрал-саймандарды дайындап жатыр.

Кейбір елдерде сүндетке отырғызылмаған қыз болашақта ұл баланы дүниеге әкеле алмайды деген түсінік бар.

Сүндетке отырғызылған қыз.

1997 жылдан бері Мысырда медициналық қажеттілік болмаса қыздарды сүндетке отырғызуға тыйым салған. Алайда әлі күнге дейін кейбір отбасылар қыздарын сүндетке отырғызады екен. 

Қатысты Мақалалар