Бетіне шыққан жара үлкен ісікке айналды. Дәрігерлер диагноз қоя алмаған, ал ер адам қалай өмір сүрерін де білмейді. Бұл жайында «Қостанай жаңалықтары» басылымы хабарлайды.
Әкесінің белігісіз ауруы жайында басылымға Ирина Васильева хабарлаған. Суреттерін жіберіп, мұндай ісікпен өмір сүрудің мүмкін еместігін айтты. Ер адам бүгінде жұмыссыз, жұмыс істей алмас та еді. Арқалық қаласының маңында орналасқан Молодежное аулының тұрғыны Александр Васильев бұл ауруымен 7 жыл бойы күресіп келеді.
Отбасы мүшелерінде орталықпен байланысатындай мүмкіндік болмаған. Ал қазір қыздары арқылы жағдайларын жеткізіп отыр.
«2010 жылы әкемнің бетінде кішігірім ісік пайда болды. Қостанайда емделмек болып анализ тапсырған, бірақ дәрігерлер бұрын-соңды мұндай дерт кездеспеген деген сылтаумен ешқандай диагноз қоймаған. Әкем бетіндегі ісікпен ауылға қайтты» дейді Александрдың қызы Ирина.
Оның үстіне, Александардың басы да жиі аурады, бір көзі мүлдем көрмейді.
«Жақында Арқалыққа онколог келген. Әкемді тексеріп «Трамадол» деген күшті әсері бар агальгетик жазып берді. Дәрілерді өз қаражатымызға аламыз. Анам күні-түні әкемнің жанында отырғандықтан жұмыс істемейді. Әкемнің үкімет тарапынан жәрдемақы алатын мүмкіндігі бар ма?» делінген қызы жіберген хабарламада.
Арқалық аудандық емханасының мәліметінше, онкологиялық диагноз қойылмағандықтан жәрдемақы да төленбейді екен. Енді Васильев облыстық онкодиспансерге барып тексерілуі қажет.