Адамдардың көбі өлімнен қорқады. Индонезияның Сулавеси аралының тұрғындары үшін қайтыс болғандар күнделікті өмірінің бір бөлшегі болып қала береді деп жазады Қамшы АА bbc.com-ға сілтеме жасап.
«Әкеңіз қалай?» деп сұрап жатыр үй иесінен келген қонақ. Бір сәтте барлығы үйдің бұрышына көз тастады. Онда түрлі-түсті керуетте қарияның мүрдесі жатыр.
«Әлі ауырып жатыр» деп жауап қатты қызы Мамак Лиса. Ол орнынан тұрып, қайтыс болған әкесіне «Әке, сізге қонақ келіп тұр» деді.
Одан кейін мені Пауло Сириндоймен танысуды ұсынды. Оның денесі сұр түске енген. Қалған денесі бірнеше қабат киіммен жабылған.
«Атамыз неліктен ұйықтай береді» деп сұрады немерелерінің бірі. «Ата, тұр! Жүр ойнаймыз» деп айқайлады екіншісі.
"Тссс... Аталарыңды мазалауды қойыңдар. Ол ұйықтап жатыр. Өйтпеген жағдайда ол ашуланады» деді Мамак Лиса.
Бұл адам Пауло Сиринда. Ол 12 жыл бұрын қайтыс болған. Алайда оның отбасы оған тірі адам секілді қарайды. Себебі Торадже аймағындағы діни сенім бойынша Сулавеси аралы осы дүние мен қайтыс болғандар әлемінің табалдырығы деп есептеледі.
Өлген адамның туыстары қайтыс болған адамның киімін ауыстырып, ауру адамға қарағандай күтеді.
Бұрын мәйіттің денесін арнайы жапырақтар мен шөптермен сүрткен. Қазір формалин инъекциясын егеді.
Мәйіт жатқан бөлмеден химиялық заттардың иісі мүңкіп тұрады.
Тораджи халқы қайтыс болған адамның жерлеу рәсімін салтанатты түрде өткізуге материалдық жағдайға жеткенше, қайтыс болған адамды үйде ұстайды. Олар мұндай рәсімді өткізу үшін көп жылдар бойы ақша жинайды.
Мен Денген есімді азаматтың жерлеу рәсіміне қатыстым. Ол бір жыл бұрын қайтыс болған. Оның жерлеу рәсімі 4 күнге созылды. Ол уақытта туыстары 24 сиыр мен жүздеген шошқаны құрбандыққа шалды. Оның етін қонақтарға таратты. Денгеннің баласы жерлеу рәсіміне 50 мың доллар кеткенін айтады.

Одан кейін қайтыс болған адамның ағаштан мүсіні жасалады. Оған кейде шашын да пайдаланады. Мүсінді киіндіріп, әшекей кигізіп іліп қояды. Қайтыс болғандар басқа әлемнен бізді бақылайды деп сенеді. Алайда мұнымен қайтыс болған адам мен тірі адам арасында физикалық және моральдық байланысы үзілмейді.
Энди Танди Лоло есімді профессор мұны тірі адамдар мен қайтыс болғандардың арасында әлеуметтік қарым-қатынас деп атайтынын айтты.

Зиратты ашты. Ауада мускус пен формалиннің иісі таралып кетті. Әжейдің ақ шашы артқа қарай таралған. Оның бет-әлпеті өлген адамға емес, мүсінге ұқсайды.

Мариямен барлығы көрісіп, естелікке фотоға түскеннен кейін оны ақ матаға орады да ауылды аралатты. Алайда қазіргі кезде ауылды аралату әдісі қалып барады. Себебі көбі қазір алук тодоло дінін ұстанбайтын болған.

Бұл материал Би-би-сидің «Адам өміріндегі оқиғалар» (Life stories) желісінен үзінді.