«Реалдық» футболшы «Қайраттың» жанкүйері (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710032644157_small.jpg

Мидридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Марсело алматылық «Қайрат» футзал құрамасының жанкүйері екендігін айтты, деп хабарлайды Қамшы АА.

Марсело жариялаған видеосында «Сәлем. Менің атым Марселло. Мен өзімнің футзалдан УЕФА кубогі ойындарында алматылық «Қайрат» командасының жанкүйері екенімді айтқым келеді. Ал сен кімнің жанкүйерісің? Алға, Қайрат!», -  дейді. Марселоның «Қайрат» қақпашысы Игиттің жақын досы екендігін айта кетейік.

Футзалдан УЕФА кубогі 28-30 сәуір аралығында Алматыда өтеді. «Қайрат» АФК испандық «Интер Мовисторпен» кездеседі. Екінші жартылай финалдық кездесу ресейлік «Газпром-Юграмен» лиссабондық «Спортинг» арасында өтеді.

Қатысты Мақалалар