Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарымен бірге арнайы операция жүргізіп, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарында терроризмді насихаттаған және діни араздық туғызған деген күдікпен 11 адамды ұстады. Бұл туралы комитеттің сайтында хабарланды деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.