ДАИШ Париждегі терактіні өз мойнына алды

/uploads/thumbnail/20170710033250163_small.jpg

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы Париж орталығындағы Елисей алаңында болған атыста бір полицейді өлтіріп, екі адамды жаралаған лаңкес «өз жауынгерлерінің» бірі екенін мәлімдеді, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Bbc.com жаңалықтар қызметінің мәліметінше, Париж прокуроры Франсуа Молен шабуыл жасаушының тұлғасы анықталғанын, бірақ оның сыбайластарының бар-жоғы белгілі болмайынша, есімі жарияланбайтынын айтты. Оның Париж шығысындағы үйінде тінту жұмыстары жүріп жатыр.

«Ислам мемлекеті» экстремистік тобының атынан жарияланған мәлімдемеде Елисей алаңындағы қарулы шабуылды бельгиялық Әбу Юсефтің жасағаны айтылған.

 Франциялық BFMTV телеарнасының хабарлауынша, шабуыл жасаған ер адам - 39 жастағы Франция азаматы. Ол француздық арнайы қызметтерге жақсы таныс және ол полицейлерді өлтіргісі келетін пиғылы туралы Telegram мессенджерінде талқылап келген.

Франциия президенті Франсуа Олланд Елисей алаңындағы шабуылды терракт деп атады. 

Қатысты Мақалалар