Ресейде «Йеговаға» тыйым салынды

/uploads/thumbnail/20170710033320898_small.jpg

Ресей Жоғарғы соты «Йегова куәгерлері» діни ұйымын экстремистік ұйым деп танып, Ресей территориясындағы қызметіне тыйым салды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасай отырып.

Сот шешімі Ресей әділет министрлігінің шағымы бойынша шығарылды. Ресейде заңды түрде тіркелген діни ұйымды экстремистік ұйым деп таныған оқиға бірінші рет болып отыр.

Сот шешімі ең алдымен «Йегова куәгерлерінің» Санкт-Петербургтегі әкімшілік орталығына және ұйымның ел аумағындағы қызметіне әсер етеді.

«Йегова куәгерлері» қазір ұйымның 170 мыңға тарта өкілі барын айтады. Ресейде бұл ұйымға оның әскери қызмет, сайлауға қатысу және жалпы мемлекеттік билікке қатысты өзгеше ұстанымына байланысты бұрыннан күдікпен қарайтын.

«Йегова куәгерлері» орталығының мәлімдемесінде орталық қызметіне тыйым салу оның жақтастарын діни сенімі үшін, оның ішінде Інжілді бірге оқып, бірге құлшылық қылатыны үшін ғана қылмыстық қудалауға ұласуы мүмкін дейді.

АҚШ мемлекеттің департаменті 2016 жылы дін ұстану еркіндігі туралы жыл сайынғы есебінде Ресейде діни азшылықты құрайтын топтарға жүйелі түрде қысым көрсетілетінін, ал бас прокуратура «Йегова куәгерлері» діни ұйымының барлық 406 жергілікті діни бірлестігі мен 2500-ден астам қауымын экстремизмге қатысы бар деген айыппен жабуды талап етіп жатқанын мәлімдеген.

Қатысты Мақалалар