АҚШ-та аутизммен ауыратын 10 жастағы баланы қамауға алған

/uploads/thumbnail/20170710033330757_small.jpg

Флорида полициясы аутизм ауруына шалдыққан 10 жастағы баланы ұстады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Washington Post-қа сілтеме жасап.

2016 жылдың қазан айында полиция Джон Бенджамин Хейгуд есімді баланы мұғалімін ұрғаны үшін ұстаған. Балада аутизм ауруы анықталғаннан кейін мұғалім онымен жұмыс істеген. Осы жағдайдан кейін ол сабаққа бармай қойған. Алайда 12-ші сәуірде емтихан тапсыру үшін мектепке шақырылған. Сол кезде мұғалім оқушыны танып, полицияға хабарласқан.

 

Баланың анасы полицияның баланы ұстаған сәтін видеоға түсіріп алды. Одан оқушының айқайлап, қорыққанын көруге болады.

 

Джон Бенджамин Хейгудтің анасы оның аутизм дертіне шалдыққанын және қатты қорқып тұрғанын айтып, баласымен бірге баруды сұраған. Алайда анасын баласына жібермеді.  Ал оқушы бір түн қамауда болған. 

Қатысты Мақалалар