Анандиден шаршағандар Динарамызға көз салсын

/uploads/thumbnail/20170710033449982_small.jpg

Отандық кино  тағы бір (төл) туындымен толықты. 20 сәуір күні «Сүйе білсең» атты телесериал «Қазақстан» Ұлттық теларнасынан өз көрсетілімін бастады. Телесериалдың продюсерлері Ринат Сафаров және Асқар Ұзабаев, ал режиссері Ернар Нұрғалиев.

Киноның алғашқы бөлімінен-ақ спортқа деген махаббат, жеңіске деген ұмтылыс байқалады. Өз бақытын іздеген жастардың түрлі әрекеттері суреттеледі.  Мансап пен махаббаттың ортасында қалған жас футболшы Дамирдің рөлін дарынды актер Жандос Айбасов, ал спортшы қыз Динараның рөлін - «Қазақ аруы-2015» Гүлназ Жоланова сомдайды. Сондай-ақ, Кәмшат Жолдыбаева, Қуаныш Керімқұлов басты рөлдерде ойнайды.

Телесериал болашағынан көп үміт күттіретін жас футболшы жайында. Дамир мықты  футболшы болуды армандайды. Динара Дамир үшін спорттан да бас тартуға әзір. Ал Дамир болса Динара үшін өзінің спорт жолындағы мансабын құрбан еткісі келмейді. Дамир Испанияға жол жүрмек болады. Бірақ Дамир мен Динара жол апатына ұшырайды. Дәрігерлер Дамирге футболмен айналысуға болмайтынын айтады. Бұл қайғылы жағдайдың орын алуына ол өзінің бұрынғы жүріп жүрген қызы Динараны кінәлайды.

Дамир өз өмірін футболсыз еш елестете алмайды, көңіл-күйі құлазып үлкен күйзеліске түседі. Ол күш-жігерін жинап, бұрынғы қалпына түскісі келеді. Ал Дамир спортқа қайта оралады  ма? Ол жағы көрермен қауымға әзірге белгісіз.

Сериал  21:45-те дүйсенбі-жұма аралығында көрсетіледі.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Сүйе білсең...» телехикаясын жіберіп алмаңыздар!

Қамшыгер: Айкерім Таубай

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар