Ауғанстанда әскери базаға шабуыл жасалып, 50-ден аса әскер қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170710034439405_small.jpg

Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазари-Шарифа қаласы маңындағы әскери базаға шабуыл жасалып, салдарынан үкімет армиясының кемінде 50 сарбазы мерт болып, 70-тен астамы жараланды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, шабуылды «Талибан» содырлары жасаған.

Шабуыл кезінде содырлар үкіметтік армияның формасын киіп алған. Шабуыл әскерилер база аумағындағы мешіттен жұма намазынан шығып келе жатқанда жасалған, сондай-ақ асханаға да шабуыл жасалды.

Шабуылға жауапкершілікті өзіне алған «Талибан» үкіметтің 100-ден астам сарбазын өлтірдік деп мәлімдеді.

Қарулы қақтығыс бір күн бойы жалғасқан. Әскерилердің айтуынша, қаза тапқандар саны бұдан көп болуы мүмкін.

Қатысты Мақалалар